Энергетика министрлігі қосымша 7 мың тонна сұйытылған газ бөледі

1009

Бұл ішкі нарықта автогаз тапшылығын болдырмау үшін жасалған шара. 

Энергетика министрлігі қосымша 7 мың тонна сұйытылған газ бөледі

ҚР Энергетика министрлігі жанармай құю бекеттерінде автогаз бағасын көтеруге негіз жоқ екенін, желтоқсанда ішкі нарыққа 7 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газы қосымша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жанармай құю бекеттеріндегі орташа баға литріне 111 теңгені құрайды", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, еліміздің ішкі нарығын пропанмен қамтамасыз ету мақсатында "Теңізшевройл" ЖШС-мен кездесу өткізіліп, нәтижесінде желтоқсан айында ішкі нарық қажеттілігіне қосымша 7 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газы бөлінген.

Энергетика министрлігі Қазақстанның жанар-жағармай құю станцияларындағы автогаз бағасын көтеруге негіз жоқ екенін, өйткені желтоқсандағы аукционда сұйытылған мұнай газының орташа алынған бағасы тоннасына 144,707 мың теңгені (2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша) құрады. Ал қарашада тоннасына 152,194 мың теңге болған. 

Министрлік тұрғындарды газбен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу