Энергетика министрлігі Ресейден келетін отынға салынған тыйымға түсініктеме берді

361

Авиакеросиннің 420-дан астам вагон – цистернасы Алматы маңындағы теміржолда, ал 100-ден астам вагон Астана маңында орналасқан. 

Энергетика министрлігі Ресейден келетін отынға салынған тыйымға түсініктеме берді Фото: pixabay

ҚР Энергетика министрлігінде Ресей Федерациясынан теміржол арқылы авиаотын әкелуге конвенциялық тыйым салу жайында inbusiness.kz сұрауына жауап берілді.

Бұған дейін бұл тыйым туралы РБК агенттігі ТМД—ға мүше елдердің Теміржол көлігі жөніндегі Кеңесі дирекциясының құжатына сілтеме жасап хабарлаған болатын.

"Қазақстандық әуежайлардың қажеттіліктері үшін Ресей Федерациясынан жеткізілетін авиакеросин импортының артылуына байланысты 420-дан астам вагон-цистерна немесе 25 мың тонна Алматы қаласы маңындағы теміржолда, 100-ден астам вагон немесе 6 мың тонна - Астана қаласы маңында орналастырылды. 

Ауа температурасы 20-30 оС жоғары көтерілген жағдайда теміржолда өрттің алдын-алу шаралары қолға алынады", - делінген Энергетика министрлігі жауабында. 

Одан бөлек, авиакомпаниялар мен әуежайлардан жөнелтуге өтінімдердің болмауына байланысты ҚР МӨЗ-нің артық болуы және қайта өңдеудің төмендеуі қаупі тұр, деп толықтырды ведомстводан.

Осыған байланысты, 8 маусымда министрлік "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ға жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін Ресей Федерациясынан авиаотын әкелуге конвенциялық тыйым салу туралы хат жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу