Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2026 жылдың 28 мамырында "Теңізшевройл" ЖШС өндірістік нысандарының бірінде өндірістік ақау болды. Бұл мұнай өндіруді уақытша төмендетуге әкелді. Қазір компания қажетті өндірістік шараларды қабылдап жатыр. Ал кен орнындағы өндіріс қалпына келтіру кезеңінде. Қызметкерлерге, қоғамға немесе қоршаған ортаға ешқандай қауіп төнген жоқ", – деді ҚР Энергетика министрі кеңесшісі және ресми өкіл Әсел Серікпаева.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Теңізде электр генераторларына қатысты екі өрт тіркелді. Өрт тез арада сөндірілді, ешкім зардап шеккен жоқ.