Энергетика министрлігі жанармайдың нақтыланған бағасын бекітті

241

Қазақстан Республикасының куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалады.

Энергетика министрлігі жанармайдың нақтыланған бағасын бекітті Фото: Pixabay.com

17 мамырдан бастап шетелдік автокөліктерге арналған бензин мен дизель отыны бекітілген бағамен саудаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі нарықтағы жанармай теңгерімін сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағыны мен "сұр" экспортының тәуекелдерін барынша азайту мақсатында ҚР Энергетика министрінің шетелдік көліктерге арналған АИ-92, АИ-93 бензині және дизель отындарының жаңартылған бағалары бойынша бұйрығы жарияланды. 

"АИ-92 және АИ-93 бензині — литріне 245 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде — литріне 205 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген мотоциклдерге, жеңіл автомобильдерге, жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде — тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — литріне 205 теңге;

Дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) — литріне 315 теңге;

Қазақстан Республикасында тіркелген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде — литріне 295 теңге;

Қазақстан Республикасында берілетін жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — литріне 295 теңге", — делінген құжатта.

Осылайша, Қазақстан Республикасының куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жанар-жағармай қорын өндіру, жөнелту және толықтыру үздіксіз жүргізілуде, бұл ретте мұнай өнімдерінің қомақты қорының болуына байланысты ішкі нарықтағы жағдай тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу