Энергетика министрлігінің бензин мен дизельдің шекті бағасына қатысты бұйрығы шықты

656

Талқылаудан кейін оларға шекті баға белгіленеді.

Энергетика министрлігінің бензин мен дизельдің шекті бағасына қатысты бұйрығы шықты

Энергетика министрлігінің бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы шықты, деп жазады inbusiness.kz Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.

Бензин бойынша (1 литр үшін):
- Аи-80 маркалы бензин –89 теңге;
- Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 187 теңге, қалған өңірде – 182 теңге.
Дизель бойынша (1 литр үшін):
- Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында республика азаматтары үшін (жеке куәлігін көрсеткен кезде және тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде) – 260 теңге.
- қалған өңірлерде ҚР азаматтары үшін литріне 230 теңге деп белгіленген.

Шетел азаматтары мен 100 литрден астам жанармай құйғысы келетіндер үшін баға 450 теңге деп белгіленген.

Айта кетейік, 2022 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" №361 бұйрығына өзгеріс енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу