Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

942

17 қаңтардан бастап министрдің кеңесшісі – Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметіне Серікжан Ерментаев келді.

Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Энергетика министрлігінің ресми өкілі болып Серікжан Ерментаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 қаңтардан бастап министрдің кеңесшісі – Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметіне Серікжан Ерментаев келді", – делінген хабарламада.

Серікжан Ерментаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыста тәжірибесі бар. Квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда болған. Бұған дейін Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметін басқарған.

Бұған дейінгі ресми өкіл – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбек президенттік кадрлар резервіне кіріп, басқа жұмысқа ауысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу