Энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы артады

1053

Қазақстанда энегертика саласы қызметкерлерінің еңбекақысы артады. Бұл Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы артады

"Былтыр энергия өндіруші ұйымдар электр қуатын өндіруге шекті тарифті түзету кезінде өндірістік жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша шара қабылданды. Ол бойынша еңбекақыны 15% көбейту көзделген. Сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын өндіру тарифінде еңбекақы төлеу қорын жыл сайын 4% өсіру қарастырылған. Осыған байланысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖЭО өндірістік қызметкерлер жалақысының орташа өсімі шамамен 10% болады", - деп жазылған Үкімет басшысының депутаттық сауалға берген жауабында.  

Ол энергетика министрлігі, электр энергетикасы қауымдастығы және салалық кәсіподақтар атынан жұмыс берушілер арасында қол қойылған 2022-2024 жылдарға арналған салалық келісім шеңберінде энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру көзделіп отырғанын жеткізді.

"Табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган жылдық статистикаға сүйене отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша өңірлер бөлінісінде өндірістік және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын айқындау жөніндегі талапты белгілеу бөлігінде тариф қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырылуда", - деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу