Энергетика секторын жаңғыртуға арналған ұлттық жоба іске асырыла бастады

215

Бағдарлама 2025-2029 жылдарды қамтиды. 

Энергетика секторын жаңғыртуға арналған ұлттық жоба іске асырыла бастады Фото: gov.kz

Инфрақұрылым сапалы болмай, экономикалық және индустриялық өсім, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мүмкін емес. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда қаржы институттары тарапынан ұзақ мерзімді және қолжетімді несиелеуді кедергісіз тартуды қамтамасыз ететін барлық қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды. 

"Қазір Ұлттық жобаны іс жүзінде жүзеге асыру кезеңіне өттік. Биыл пилоттық режимде табиғи монополиялардың 48 субъектісі бойынша жалпы сомасы шамамен 144 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылуда", – деді вице-премьер елордада өткен "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер" атты конференцияда.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің сөзінше, қазақстандық тауарларды жеткізу бойынша Ұлттық жобаның әлеуетті инвестициялық жобалары талданған. Нәтижесінде сомасы 2 201 триллион теңге болатын 2 401 өнім түрін шығаратын 212 кәсіпорынның тізімі жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу