Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа екі айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты министр Қанат Бозымбаевтың өзі растады, деп хабарлайды Atameken Business.
Айтуынша, орынбасары өткен аптада өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазған, құжат қазір қабылдану процесімен премьер-министрге жолданған.
"Өтініш бірден қабылдана салмайды. Қазір құжат премьер-министрдің мен Президент әкімшілігінің канцеляриясына жіберілген. Ал ол жұмыстан шығу өтінішін өткен аптада жазды. Мен оны үкімет басына жолдадым", - дейді министр.
Одан бұрын Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты, Шкарупаны тұтқындау жөнінде шешім шығарғаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, 7-ші қарашада Қауіпсіздік кеңестің отырысында Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров президентке энергетика салысындағы біраз былықтың бетін ашып, Анатолий Шкарупаны "жемқор" деп айыптаған болатын. Прокурорлық тексеруге қарағанда, ол 2015 жылы Саран қаласының әкімі болған кезінде бюджеттің 215 млн теңгесін талан-таражған салған көрінеді.