Энергетика вице-министрі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

1058

Бұл туралы ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәлім етті.

Энергетика вице-министрі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Заң тарапынан жақында энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалған Шкарупаға қатысты шағым бар. Осыған дейін Саран қаласы әкімі лауазымында болған. Ол 2015 жылы Қарағанды облысы Саранда жылуды есептеу құрылғыларын орнатуға бөлінген 215 млн теңгені жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілікті. Есептеуіш құралдар бос қабырғаларға орнатылған. Аталған факті бойынша біз қылмыстық істі тергеуге кірістік", - деді Қайрат Қожамжаров Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, Анатолий Шкарупа биылғы 9 қазанда ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарифтерді заңсыз көтерген монополистерді жазалауды талап етті

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу