Энергетика вице-министрі неліктен қызметінен кетті. Министрлік түсінік берді

388

Ведомство тарап жатқан қауесетке пікір білдірді.

Энергетика вице-министрі неліктен қызметінен кетті. Министрлік түсінік берді Фото: primeminister.kz

Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағанбетов "ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр" деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрмағамбетов электр энергетикасы, ЖЭО, ЖЭК салаларына жетекшілік еткені белгілі.

"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанында энергетика вице-министрі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу