Энергетика вице-министрі тұтқындалды

894

Энергетика вице-министрі тұтқындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының  энергетика министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика вице-министрі Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған.

Сонымен қатар, қылмыс жасауға энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлин қатысқан.

Сәдібеков қол қойылған жалған актілер бойынша энергетика министрлігі 2017 жылы көлемі арттырылып көрсетілген атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд теңге төлеген. Аталған қаражаттың 1 млрд теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, алынған.

Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатын жымқырудың алды алынды. Ғани Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу