Өзбекстанның бас қаласында күн сайын 2-3 ауданның тұрғындары электр қуатынсыз отыруға мәжбүр. Елдің энергетика министрлігі мұны аптап ыстықпен байланыстырды.
Өйткені салқындатқыш құралдарды пайдаланудан жүктеме көбейіп, энергетикалық жүйелер істен шығып жатыр. Оған қоса, өткен қыстан кейін ел билігі жылыту маусымына дайындықты ерте бастады.
Жауапты ведомство жарықтың өшуі жоспарлы процесс екенін айтып, халықтан түсіністікпен қарауды сұрады. Енді Өзбекстан мәселені жүйелі шешу үшін жасыл энергетикаға бет бұрмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу