Энергетикалық сусындар харам ба? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауап берді

206

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұтынуға рұқсат етілген энергетикалық сусындар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Энергетикалық сусындар харам ба? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауап берді Фото: canva.com

Энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып бөлінеді. Егер сусынның құрамында алкоголь, зиянды немесе тыйым салынған заттар болмаса, оны тұтынуға рұқсат. Десе де, басқарма адам денсаулығына зиянды компоненттері бар сусындарды да атап өтті.

"Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да, оны ішуге тыйым салынады. Пайғамбарымыз "Мас ететін нәрсенің азы да, көбі де – харам" деп айтқан", – делінген хабарламада.

Мүфтият энергетикалық сусындарды жиі тұтыну денсаулыққа теріс әсер ететінін медициналық зерттеулер растайтынын алға тартады.

"Энергетикалық сусындарды жиі қолдану (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне әкеліп соғады. Сондықтан мұсылмандарға мұндай сусындардан бас тарту ұсынылады", – деп мәлімдеді мүфтият.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу