Энергетикалық сусындар сатылымына заңмен тыйым салынбақ

2515

Оның құрамында қант пен кофеиннің мол болуы жасөспірімдердің денсаулығы мен мінез-құлқына кері әсер етеді. Семіздік пен тіс эмалінің бұзылуымен қатар, ұйқысы бұзылып, бас ауруына әкеледі.

Энергетикалық сусындар сатылымына заңмен тыйым салынбақ

Есірткі секілді энергетикалық сусындар да адам денсаулығына зиянды. Ұлыбритания үкіметі мұндай өнімдерді кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылардың айтуынша, оның құрамында қант пен кофеиннің мол болуы жасөспірімдердің денсаулығы мен мінез-құлқына кері әсер етеді. Семіздік пен тіс эмалінің бұзылуымен қатар, ұйқысы бұзылып, бас ауруына әкеледі.

Ресми мәлімет бойынша, Ұлыбританияда жасөспірімдер энергетиктерді еуропалық құрдастарынан 50 пайызға көп тұтынады екен. Бір литр өнімінде кофеиннің үлесі 150 милиграмнан асатын сусындарға тыйым салынады. Заң күшіне енгеннен кейін, тұтынушының жасын анықтауға мүмкіндік болмайтындықтан, сауда автоматтарында энергетиктер сатылмайды. Бұл шектеу тек Англия аумағында күшіне енеді. Ал Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияда бұл мәселе ұлттық әкімшіліктерінің құзырында қалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу