Энергетикалық сусындарға тыйым салғаннан не пайда? – Мәулен Әшімбаев

183

Бүгін сенат отырысында лудоманияға қарсы заң аясында 21 жасқа дейінгі балаларға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салу туралы норма талқыланды.  

Энергетикалық сусындарға тыйым салғаннан не пайда? – Мәулен Әшімбаев Фото: senate.parlam.kz

Сенат парламенті төрағасы Мәулен Әшімбаев кальян мен вейптерге тыйым салынғанына қарамастан, бақылаудың жоқтығын сынға алып, жаңа норманың да орындалуына күмән келтірді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Энергетикалық сусындарға қатысты айтар болсақ, біз депутаттар, әрине, тыйымды қолдаймыз, бірақ, есеріңізде болса, біз осыған дейін кальян мен вейпке де тыйым салған едік, алайда әлі күнге дейін мейрамханалар мен кафелерде кальяндардың еркін ұсынылып жатқаны жасырын емес. Вейптерді де арнайы дүкендерде оп-оңай табуға болады. Осы жерде "үкімет қаншалықты бақылау жасайды?" деген орынды сұрақ туындайды", — деді сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев Үкімет өкілдеріне, ІІМ мен жергілікті билікпен бірлесіп, қала ішіндегі мейрамханалар мен кафелерге тексеріспен баруды тапсырды. 

"Қазір бәрі әлеуметтік желіге салынады, тіпті, барудың қажеті жоқ, әлеужеліге мониторинг жүргізсеңіздер де болады. Заңның орындалмай жатқаны интернеттен-ақ байқалады. Біз онда не үшін осы заңдарды қабылдап отырмыз? Қазір энергетикалық сусындарға тыйым салғаннан не пайда? Заң қабылдадық па, оның толыққанды орындалуын қамтамасыз етейік", — деді Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу