Энергетикалық сусынды күн сайын ішкен алматылық жасөспірім ауруханаға түсті

615

Ол 6 айдан астам уақыт бойы энергетиктер мен фаст-фуд тұтынған.

Энергетикалық сусынды күн сайын ішкен алматылық жасөспірім ауруханаға түсті Фото: URA.ru

Алматыда энергетикалық сусындарды күн сайын ішкен 17 жастағы жасөспірім ауруханаға түсті, деп жазады inbusiness.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жасөспірім Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына "гемофилия В" алдын ала диагнозымен түсті. 

"Осыған дейін қан ұюының 9 факторының төмен деңгейі анықталған. №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының жағдайында тексеру барысында жоғары температура, еріннің қанауы, ауыз қуысының жарасы, буындардың ауыруы, мұрыннан қан кету байқалды. Ол өздігінен жүре алмағандықтан, оны арбамен әкелген", - делінген хабарламада.

Тәжірибелі дәрігер, бас гематолог дәргер, №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаеваны науқастағы 9 фактордың көрсеткіштері гемофилияның орташа-ауыр түріне сәйкес келетіндігі алаңдатты. 

"Алайда ол 17 жыл ішінде гемофилия ертерек пайда болер еді деп ескертті.  Бұдан бөлек 7 фактордың төмендеуі байқалды. Жасөспірімнің жағдайымен танысқаннан кейін дәрігер 3 жыл бұрын оған ота жасалғанын, оның барысында гемофилияға тән ауыр немесе тоқтаусыз қан кету байқалмағанын анықтады", - делінген хабарламада.

Жасөспірімнің энергетикалық сусындарды үзбей ішетіні белгілі болды. Ол 6 айдан астам уақыт бойы энергетиктер мен фаст-фудты тұтынып, бұл өз кезегінде бауырдың қызметіне кері әсерін тигізген.

"Балаға бауыр функциясының бұзылуы диагнозы қойылды. Бауырдағы коагуляция факторларының синтезінің бұзылуы. Гемофилия диагнозы расталған жоқ. К дәруменін енгізумен және оны толықтырумен жүргізілген емдеу оң нәтижесін берді. Қан ұюының барлық факторы, бауыр қызметі қалыпқа келді", - деді дәрігер Ұлжалғас Өскенбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу