Энергетикалық және коммуналдық желілерді жаңғыртуға бес жылда 13 трлн теңге жұмсалады

144

Биыл инфрақұрылымды жаңғыртуға салынған инвестициялар 1,2 трлн теңге болмақ. 

Энергетикалық және коммуналдық желілерді жаңғыртуға бес жылда 13 трлн теңге жұмсалады Фото: ТОО KAZ-TEL

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі инвестициялар көлемі 5 жылда 13 трлн теңгеден асады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылы Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырудың басталуымен байланысты инвестициялардың қосымша көлемі қамтамасыз етілетін болады. Ұлттық жоба шеңберіндегі инвестициялар көлемі 5 жылда 13 трлн теңгеден асады, бұл ретте биыл инфрақұрылымды жаңғыртуға салынған инвестициялар шамамен 1,2 трлн теңгені құрайтын болады. Ұлттық жоба инвестициялардың өсуіне, сондай-ақ жаңа отандық тауарлар мен елдің коммуналдық инфрақұрылымын салу кезінде өнімдері сатып алынатын өндірушілердің пайда болуына ықпал ететін болады", - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.

Сөзінше, Ұлттық жобаны іске асыру инфрақұрылымның тозуын азайтуға, оның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық тиімділігінің өсуіне және электр энергиясы мен жылуды беру кезінде ысыраптарды азайтуға ықпал ететін болады.

"Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу шеңберінде елішілік құндылық үлесін ұлғайту үшін отандық өндіріс тауарларын пайдалануға ынталандыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл тәсіл ішкі бәсекеге қабілеттілікті арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, сондай-ақ отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу