Энергетиктер жылу құбырларының жай-күйін дрон арқылы тексере бастады

255

Жылу мөлшерін қашықтан өлшейтін арнайы тепловизиялық құрал пайдаланылады.

Энергетиктер жылу құбырларының жай-күйін дрон арқылы тексере бастады Фото: altaynews.kz

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Төтенше жағдайлар департаментімен бірге заманауи технологияларды пайдалана отырып, өңірдегі жылу тасымалдау жүйелерінің жай-күйіне жан-жақты тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Altaynews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл іске жылу мөлшерін қашықтан өлшейтін арнайы тепловизиялық құралмен жабдықталған квадрокоптер (дрон) пайдаланылады. Тиімді тұсы сол – бұл құрылғы қазіргі қыс мезгілінде қалың қардың салдарынан адамдардың аяғы жете бермейтін, техника өте алмайтын аумақтарды тексеруге мүмкіндік береді. Электронды техника жылу құбырларының жай-күйін анықтап, дәлме-дәл әрі нақты көрсеткіштерді радиотолқындар арқылы мамандарға бірден жөнелтеді.

Осындай кешенді жұмыс бүгін Риддер қаласында атқарылып жатыр. Жоспарға сай алдағы уақытта облыстың басқа аудан-қалаларында да жүргізілмек.

Мұндай зерттеу өңірде тұңғыш рет қолға алынып отырғанын атап өткен жөн. Енді мұндай тексерулер тұрақты түрде жүргізіліп тұрмақ. Жылу құбырларынан ақау немесе жылудың кетуі байқалған жағдайда мамандар оны дереу жоюға кірісетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу