Энергия бағасы аукцион арқылы төмендейді

1073

Энергия бағасы аукцион арқылы төмендейді

Енді елімізде баламалы энергияның бағасы аукцион арқылы төмендетіледі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осындай мәлімдеме жасады. Сала басшысының айтуынша, қазірдің өзінде аукционға қатысуға ниетті ірі компаниялар өтініш беріп үлгеріпті. Әсіресе, Сауд Арабиясындағы "АкваПарус" компаниясы мен "Шелл" және "Эни Аджеп" корпорациялары озық технологияға негізделген, әрі ел үшін тиімді энергия ұсынуға дайын екен. Айта кетейік, бүгінде елімізде энергияның белгілінген тарифы 10 цент, яғни теңгеге шаққанда 33 теңгені құрайды. Бұл әлемдік бағамен салыстырғанда 4 есе қымбат.

Қанат Бозымбаев ҚР энергетика министрі:

"Баламалы энергетиканың бағалары үкімет шешімімен бекітілген болатын. Қазір таңда бұл аукциондар арқылы шешіледі. Дүниежүзілікте Чилиде, Мексикада, Сауд арабаиясында, Араб эмираттарында, осы аукциондар арқылы сатып алатын элект энергияның құны қазірдің өзінде орташа 2,5 цент болып жатыр. 10 теңгедей болып жатыр. Сондықтан жаңа механизмди енгізіп, жаңа әдістерді қолға алсақ, тарифтер арзан болу керек."

Сондай-ақ, министр Қазақстанның Қытай, Пәкістан және Ауғанстанға электр энергияны экспорттау мүмкіндігін қарастырып жатқандығын жеткізді. Себебі, аталған елдерде электр қуатын тұтыну көлемі артып келеді. Ал, қазіргі таңда еліміздің электр қуаты Ресейге ғана тасымалдануда. Бұдан бөлек, "КЕГОК" компаниясы Қазақстандағы электр энергиясы көп және тапшы жерлердің арасын байланыстыратын желіні салуға кіріскендігі мәлім болды. Қуаттың жетіспеушілігі көбіне еліміздің оңтүстігінде байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу