Энергия өндіруші кәсіпорындар қарызға батқан – Энергетика министрлігі

206

Олардың отын өндірушілер алдындағы берешектері ұлғайған. 

Энергия өндіруші кәсіпорындар қарызға батқан – Энергетика министрлігі  Фото: PrimeMinister.kz

Мәселен газ өндіруші "КазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдында берешек 18 млрд 307 млн теңгені құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндамасына сілтеме жасап. 

Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін несиелік берешектерінің ұлғаюы – маңызды проблемалық мәселе.

"Мәселен, энергия өндіруші "КазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдында берешек 18 млрд 307 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ "Богатырь көмір" ЖШС алдындағы көмір үшін қарыз 3 млрд 62 млн теңгеге жеткен. Энергетикалық кәсіпорындар берешектен құтылуды тезлетуі керек", – деді Сәтқалиев.

Енді жаңа заң шеңберінде жөндеу мерзімдері мен отын жинау уақытын бұзғаны үшін әкімішілік жауапкершілік тағайындалатын болады. 

"Жөндеу мерзімдерін бұзғаны үшін энергия кәсіпорындарының бірінші басшыларын 50 АЕК, ал қысқы кезеңде отынның нормативтік қорын сақтамағаны үшін 1 мың АЕК мөлшерінде жауапкершілік көзделеді", – деп түсіндірді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу