Энергия өндіруші мекемелер қысқа 95% дайын

Қоймаларда 4,1 млн тонна көмір және 81 мың тонна мазут қоры бар. 

Энергия өндіруші мекемелер қысқа 95% дайын Фото: opennews.kz

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында елдегі энергия өндіруші және тасымалдаушы мекемелердің қысқа дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Энергия жүйесінің өткен жылдардағы жұмыс динамикасын ескерсек, біздің бағалауымызша, 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңінде энергия жүйесіндегі ең жоғары жүктеме шамамен 16,1 ГВт болады. Өңірлердегі энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың дайындығы 95%-ды құрайды. Энергия қоймаларында 4,1 млн тонна көмір және 81 мың тонна мазут қоры бар. Бұл бекітілген нормаларға сәйкес", – деді Болат Ақшолақов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу