Энергияны тұтыну 30 пайызға артады

1740

Энергияны тұтыну 30 пайызға артады

Әлем бойынша энергияны тұтыну 20 жылдан кейін 30 пайызға артады деп күтілуде. Ал онымен қамтамасыз ету үшін 44 трлн доллар сомасында инвестиция салынуы тиіс. Бұл жайында "Климаттың өзгеру мәселесіне қатысты энергетикалық шешім" тақырыбында өткен форумда мәлім болды.

Ресми деректерге сәйкес, әлемдік энергетикаға құйылған қаражат көлемі өткен жылы 1,7 трлн долларды құраған. Жалпы, алдағы уақытта тұтынатын энергетикалық ресурстардың 57 пайызы мұнай мен газға, 20 пайызы көмірге тиесілі болмақ. Бұл "ExxonMobil" компаниясының болжамы. Сондай-ақ, электр энергия өндірісі 2040 жылға таман 16 пайыз шамасында болады деп күтілуде. Қазіргі таңда бұл 6 пайызға тең.

Ричард Нордкот, "Covestro AG" компаниясының қызметкері:

"Өкінішке орай, жаңартылатын энергия көздері әлемдік энергетикадағы жетекші рөлдерден алыс. Бұл тарифтерді мүмкіндігінше арттыру үшін жолдар мен әдістерді іздестіруіміз керек. Сондай-ақ, инвестиция жағын қарастыруымыз қажет".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу