Энергияны үнемдеу саласында кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

969

Энергияны үнемдеу саласында кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Бұдан былай еліміздің энергияны үнемдеу саласында тиімді жоба жасағысы келетін кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіледі. Бағдарламаға кез келген шағын және ірі бизнес өкілдері қатыса алады. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" мен еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі тиісті келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды ortcom.kz.

Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында ҚР ИДМ индустриялық даму мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рүстем Ақбердин айтты. Айтуынша, кәсіпкерлерді қолдаудың бұл түрі алғаш рет тесттік режимде іске қосылады.

"Мақсатымызды жүзеге асыру үшін БҰҰДБ 3 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай грант бөлінді. Бұндай бағдарламалар еліміздің "жасыл" экономика саласына зор үлесін қосады деп сенеміз. Келісім "Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 59-шы қадамы бойынша жасалды", – деді ол.

Айта кетейік, білікті мамандарды дайындау үшін еліміздің ЖОО-ларында энергияны үнемдеу бағытында 5 ғылыми және 20 білім беру орталығы ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу