Энергияны жинақтайтын жүйелер бойынша ауқымды жобалар қолға алынбақ

264

Астана және Шымкентте бу-газ қондырғыларын салу бойынша аукцион өткізу туралы жарияланды. 

Энергияны жинақтайтын жүйелер бойынша ауқымды жобалар қолға алынбақ Фото: QazaqGreen

Қуаты шамамен 3,8 ГВт жаңартылатын энергия көздері мен 1,1 ГВт энергияны жинақтайтын жүйелерді құруға бағытталған ауқымды жобалар пысықталып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Маневрлік генерацияны құруға бағытталған аукционды өткізу аясында Астана және Шымкент қалаларында бу-газ қондырғыларын салу бойынша аукцион өткізу туралы жарияланды. 

"Жалпы аталған механизм оң нәтижелер көрсетуде және 2022 мен 2024 жылдары жалпы қуаты шамамен 2,5 ГВт болатын бу-газ қондырғыларын салу бойынша 8 жобаның инвесторларын анықтауға мүмкіндік берді. Қытайдан, Еуропадан және араб елдерінен келген стратегиялық инвесторлардың қатысуымен үкіметаралық келісімдер шеңберінде қуаты шамамен 3,8 ГВт жаңартылатын энергия көздері мен 1,1 ГВт энергияны жинақтайтын жүйелерді құруға бағытталған ауқымды жобалар пысықталуда", – деді Ерлан Ақкенженов.

2035 жылға дейін жоспарланған жаңартылатын энергия көздерінің электр энергияны тұрақсыз беруін ескере отырып, энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін, оларды маневрлік бу-газ қондырғылары арқылы теңдестіру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, бұған дейін 2029 жылы Қазақстанда электр қуатының тапшылығы жойылатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу