Энерготиімділікті арттыру үшін 318 миллиард теңге инвестиция құю жоспарлануда

873

Энерготиімділікті арттыру үшін 318 миллиард теңге инвестиция құю жоспарлануда

Неміс мамандарының айтуынша, қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға көшу кешенді түрде жүзеге асырылу керек. Осы орайда энерготиімділікті арттыру үшін 318 млд теңге инвестиция құю жоспарланып отыр. Бұл туралы Германия энергетикалық диалогы конгресінде Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Алик Айдарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Шараны Неміс энергетикалық агенттігі ұйымдастырып отыр. Екі күнге созылатын жиында тараптар энергетика саласындағы жетістіктер мен технологиялардың қолданылу мәселелерін талқылайды.

"Халықаралық энергетикалық агенттік жүргізгізген сараптама нәтижесіне сәйкес 2015 жылы энерготиімділікті дамытуға арналған инвестициялар 6%-ға артқан. Құйылған қаражаттың сомасы 221 млрд долларды құрайды. Ал 2020 жылға дейін тиімділік 3,6 млн тонна болады деп жоспарланып отыр. Қаржылай есептейтін болсақ жыл сайын 63,5 млрд теңгені құрайды" - дейді  Алик Айдарбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу