Танымал әнші Жігер Ауыпбаев қамауда жатқан әріптесі Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Жігіттердің арасында “тоқылдақ” деген атты жігіттік сипаттан кеткен адамға тағатын еді. Еңгезердей жігіттің болмайтын әңгімеге бола арыз жазып, 15 тәулікке қаматып жібергені ұят енді. Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой. Қайрош досым! Еш мойыма. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Сен өте ақкөңіл жансың ғой. Ақ көңілдігіңді пайдаланып, сенің кең құшағыңа білдірмей кіріп алып, өз пайдасын ойлап жүргендер бұл өмірде болмаса да, ақыретте жауап берер. Сатқындық! Сен еркексің”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, 5 шілдеде Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарады. Судья әншіні 15 тәулікке қамау туралы үкім шығарды.