Әлемге әйгілі испаниялық әнші Энрике Иглесиас биыл күзде Астана мен Алматыда жеке концертін өткізетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ticketon мәліметінше, ән кеші 3 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында, ал 5 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
10 наурыз күні сағат 12:00-де концерт билеттерінің ашық сатылымы басталады.
Айта кетейік, осыған дейін әлемге танымал Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys тобы Астана мен Алматыда жеке концерттерін өткізген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу