Энрике Пенья Ньето Трамппен кездесуден бас тартты

864

Энрике Пенья Ньето Трамппен кездесуден бас тартты

Мексика басшысы Энрике Пенья Ньето АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуден бас тартты, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл туралы президент Твиттердегі ресми парақшасында: "Келер аптаға белгіленген іскерлік кездесуге бармайтынымыз туралы Ақ үйді ескертіп қойдық" деп мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетсек, Трамптың Мексикамен екі ортадағы шекараны биік қабырғамен қоршайтыны туралы шешім АҚШ-тың ең жақын көршісін біраз қобалжытты. Америка асқалы отырған қарапайым мексикандықтарды айтпағанда, президент Ньетоның өзі бұған қарсы не шара қолданарын білмей, біраз аласұрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу