Энтони Джошуа кездесуін нокаутпен аяқтады

701

Энтони Джошуа кездесуін нокаутпен аяқтады

Супер ауыр салмақта WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Энтони Джошуа француз Карлос Такамды уақытынан бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Кардиффтегі Principality стадионында өткен бокс кешінің басты кездесуі болды. Аренада бұл жекпе-жекті 78 мың адам тамашалады. 

Төртінші раундта Джошуа қарсынасын нокдаунға түсірген, алайда көзінен қан аққан Такам тез тұрып кетті. Ұлыбританиялықтың да мұрнынан қан кеткен. Кездесу барысында Такамды дәрігер екі рет қарады, екі жағдайда да оған кездесуді жалғастыруға рұқсат берілді.

Ал жекпе-жек оныншы раундта аяқталды. Рефери Джошуаның шабуылын тоқтатып, техникалық нокаутты тіркеді. Такам болса реферидің бұл шешімімен келіспей, наразылық білдірумен болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу