Еуропалық одақ ресейлік газға деген тәуелділігін қысқарту үшін Африка мемлекеттерімен, нақтырақ айтқанда Ангола, Нигерия және Сенегалмен энергетика саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Еуропалық Комиссия Африка елдерінен газ жеткізу туралы келісімді мамыр айында дайындауы мүмкін.
Бұған дейін ЕО Ресей Федерациясынан газдың 40%-ы, мұнайдың 27% және көмірдің 46% жеткізілетін мәлімдеген еді. Санкциялардың бесінші пакеті аясында Ресей көміріне эмбарго жарияланды. Шектеу сәуір айында бекітілді, тамыздан күшіне енеді.
Еуропалық энергетика жөніндегі комиссар Кадри Симсон Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Ресей газы үшін рубльмен төлеуді санкциялар режимін бұзу деп санайтынын жариялады. Осы орайда ЕО компанияларына жақын күндері төлем жолдарының қалай жүргізілуі керектігі туралы ақпарат жіберілмек.
Табиғат Нұрболат
Фото: theexchange.africa