ЕО, АҚШ және Ұлыбритания Ресейдің қылмыстарын тергейтін топ құрды

567

Жозеп Боррель Ресейдің Украинадағы әскери агрессиясы кезінде жасалған қылмыстарға кінәлі адамдардың барлығын сотқа беру өте маңызды екенін айтты.

ЕО, АҚШ және Ұлыбритания Ресейдің қылмыстарын тергейтін топ құрды Фото: reuters.com

Еуропалық Одақ, АҚШ және Ұлыбритания Ресейдің Украинаға қарсы шабуылы кезіндегі әскери қылмыстарды тергейтін топ құрды, деп хабарлайды inbusiness АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Бұл топ Украина үшін шешуші тарихи сәтте халықаралық қолдау мен ынтымақтастықты көрсету үшін ЕО, АҚШ және Ұлыбритания қабылдаған міндеттемелерді орындайды", – деп жазылған хабарламада.

ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі Жоғары өкілі Жозеп Боррель Ресейдің Украинадағы әскери агрессиясы кезінде жасалған қылмыстарға кінәлі адамдардың барлығын сотқа беру өте маңызды екенін айтты. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл бастама Бас прокурор Кеңсесіне Ресей әскерилері жасаған қылмыстарды құжаттау, сақтау және талдау жұмыстарына зор көмегін тигізетінін мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу