ЕО Ауғанстанға 1 млрд еуро бөледі

740

Бұл қаражат дағдарысты еңсеруге бағытталады. 

ЕО Ауғанстанға 1 млрд еуро бөледі Фото: reuters.com

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейен ЕО Ауғанстанға 1 миллиард еуроға жуық кеңейтілген қолдау пакетін бөлетінін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Лейен бұл қаражат ауған халқына арналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ауғанстандықтар "Талибан" әрекеттерінің кесірінен зардап шекпеуі керек. 

"Біз Ауғанстандағы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық құлдыраудың алдын алу үшін қолдан келгенді жасауымыз керек", – деді ол.

300 миллион еуросы гуманитарлық көмек түрінде беріледі: вакциналау бағдарламасына қосымша қолдау, баспана беру және адам құқығын қорғау. Кем дегенде 250 миллион еуросы денсаулық сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты қажеттіліктерді қаржыландыруға жұмсалады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді активтерге салынған шектеуді алып тастап, Ауғанстанға көмек көрсетуге үндеді. Оның айтуынша, "Талибанды" мойындамай-ақ ел экономикасын қолдауға болады. Бұған дейін тәліптер АҚШ-тан гуманитарлық көмек алу туралы келісім жасасқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу