ЕО Ауғанстанға көрсетілетін гуманитарлық көмек көлемін арттырады

657

Бірақ экономикалық көмек тоқтатылады.

ЕО Ауғанстанға көрсетілетін гуманитарлық көмек көлемін арттырады

Еуроодақ Ауғанстаннан келген босқындардың гуманитарлық қажеттіліктерін өтеуге арналған қаражат көлемін 57 млн еуродан 200 млн еуроға дейін арттыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz одақ өкілінің сілтеме жасап. 

"G7 мемлекет басшыларының бейнеконференциясында мен ЕО бюджетінен ауғанстандықтар үшін бөлінетін қаражат көлемін  €50 млн-нан €200 млн-ға дейін арттыратынын жариялаймын", – деп жазды Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін фон дер Ляйен ЕО Ауғанстанға биыл жоспарланған гуманитарлық көлемді көбейтетінін, бірақ жаңа билік адам құқығын сақтамайынша, бұл елге көрсетілетін экономикалық көмекті уақытша тоқтататынын мәлім еткен еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу