ЕО басқа елдердің COVID сертификатын мойындау процесін жеделдетпек

833

Ресей мен Еуроодақ бұл мәселеге қатысты келіссөзді бастап кетті.

ЕО басқа елдердің COVID сертификатын мойындау процесін жеделдетпек

Еуроодаққа мүше елдердің басшылары өзге елдердің COVID сертификаттарын мойындау процесін жеделдетуді ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Брюссельдегі саммиттің бірінші күнінің қорытындысы бойынша шыққан мәлімдемеге сілтеме жасап.

Құжатта “Еуропадағы вакциналау науқандары COVID-19 дертімен күресте айтарлықтай көмектесті, бірақ Еуропаның кейбір мемлекеттерінде жағдай әлі де ауыр. Мәселені шешу үшін интернеттегі жалған ақпаратпен күресу керек” деп жазылған.

Сонымен қатар ЕО елдерінің басшылары шетелдіктердің ЕО аумағында жүріп-тұруына жағдай жасау үшін басқа елдердің сертификаттарын өзара мойындау жөніндегі жұмысты жеделдетуге үндеді.

13 қазанда Ресей мен Еуропалық Одақ коронавирусқа қарсы вакциналау сертификаттарын өзара мойындау мәселесі бойынша кездесу өткізгенді еді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу