15 қарашада Еуропалық Одақ Беларусияға қарсы салынған жеке санкцияларды қатаңдатады және елдің бірқатар саласына шектеу жариялау жағын қарастырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Германия СІМ басшысы Хайко Маастың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Дипломаттың айтуынша, Беларусь тарапы Польша шекарасындағы жағдайды ушықтырып отыр. Сондықтан да ЕО осындай шешім қабылдауды ұйғарған. Бұған дейін ЕО Минскінің ұлттық әуежайына және "Минск" қонақ үйіне санкциялар жариялайтынын хабарлаған еді.
Еуроодақ өкілі Питер Стано Минскіге қарсы жарияланған жаңа шектеулер мигранттарды ЕО мен Беларусь шекарасына тасымалдаумен айналысқандардың барлығына әсер етеді деп мәлімдеді. ЕО қазіргі көші-қон дағдарысына Беларусь басшысы Александр Лукашенко кінәлі деген пікірде.
Табиғат Нұрболат