ЕО Беларусьқа қарсы тағы да санкция салмақ

1205

Шектеулер пакетін дайындау жұмысы 21 маусымға дейін аяқталуға тиіс

ЕО Беларусьқа қарсы тағы да санкция салмақ

ЕО Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындауда, деп хабарлайды Inbusiness.kz  "Азаттық радиосының" тілшісі Рикард Джосвяктың Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Минскіде Ryanair ұшағын қондыру әрекетіне қатысы бар 78 жеке тұлға мен 7 ұйымға қарсы санкция жарияланбақ. Олардың ЕО-дағы барлық активтері бұғатталып, ЕО-ға баруға тыйым салынады.

Белоруссияға қарсы шектеулер пакетін дайындау жұмысы 21 маусымға белгіленген ЕО СІМ Кеңесінің отырысына дейін аяқталуы тиіс. 

3 маусымда ЕО-ның Белоруссияға қарсы санкциялар дайындап жатқаны белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, Еуропа билігі беларусьтық әуе компанияларына одақтың үстінен ұшуға және ЕО елдерінің әуежайларына қонуға ресми түрде тыйым салған еді. 

Еске сала кетсек, 23 мамырда Афина-Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл қонуға мәжбүр болған еді. Минск әуежайынан ұшаққа мина қойылған деген хабарлама жіберілген болатын. Ұшақ жерге қонғаннан кейін, Беларусь қауіпсіздік күштері борттағы Протасевичті тұтқындады. Лайнер бортында жарылғыш құрылғы бар деген деректер расталмады. Протасевичке экстремистік ұйым құрды және 2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу