ЕО Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізуді жоспарлап отыр

431

Ұсынылған санкцияларды бекіту үшін барлық мүше мемлекеттердің қолдауы қажет. 

ЕО Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізуді жоспарлап отыр Фото: img2.eadaily.com

ЕО елдері Беларуське қарсы елдің энергетикалық және авиациялық секторына, қос мақсатты тауарларға, алтын мен мұнайға әсер етуі мүмкін жаңа санкциялар пакетін енгізуді ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

"Еуропалық Одақ Беларуське қатысты кеңейтілген санкциялардың жаңа жинағын ұсынды", — делінген ЕО-ның осы тақырып төңірегіндегі құжаттарымен танысқан агенттіктің хабарламасында.

"Ұсынылған шараларға Беларуське әскери мақсатта қолданылатын және елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға қабілетті қос мақсаттағы тауарлар мен технологияларды экспорттауға тыйым салу", мұнай, көмір, болат өнімдері мен алтынға санкциялар енгізу кіреді.

Бұдан басқа, Брюссель "аса қымбат тауарларға, инвестициялар мен белгілі бір қызметтерді ұсынуға" сауда шектеулерін, сондай-ақ "елдің авиация мен энергетика секторларына және негізгі кіріс көздеріне әсер етуі мүмкін шараларды" енгізуді қарастыруда.

Алайда ұсынылған пакетте дәрі-дәрмектерге, ауыл шаруашылығы өнімдеріне, азық-түлікке, сондай-ақ олармен байланысты қаржылық операцияларға қатысты санкцияларды болдырмау қарастырылған.

Хабарламада ұсынылған санкцияларды бекіту үшін барлық мүше мемлекеттердің қолдауы қажет болатындығы баса айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу