ЕО Беларусьтың 31 шенеунігіне санкция салмақшы

510

Лукашенконы тізімге енгізу не енгізбеу жағы қарастырылып жатыр.

ЕО Беларусьтың 31 шенеунігіне санкция салмақшы Фото: reuters.com

Еуропалық одақ Беларусьтың 31 шенеунігіне қарсы санкция салуды көздеп отыр. Қатарында елдің Ішкі істер министрі де бар. 

Ресми дерек бойынша, бастапқыда 14-іне шектеу ензізіледі деп жоспарланған. Кейін тағы 17-сі тізімге қосылды. ЕО өкілінің айтуынша, бұл шенеуніктер Беларусьтағы сайлауды ұйымдастырып, зорлық-зомбылық пен қуғын-сүргіннің өршуіне атсалысқан. 

19 тамызда Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель ЕО Белоруссияның бірқатар ресми тұлғасына санкция салатынын мәлім еткен болатын. Тамыздың соңында одақтың Сыртқы істер министрлері осыған байланысты талқылаулар өткізді.Александр Лукашенко болса, Беларусьқа қарсы шектеу шараларын енгізген елдерге дәл осындай мәнерде жауап қайтаратынын жариялады.

Еске сала кетсек, 31 тамызда Литва, Латвия, Эстония елдері Лукашенко мен елдің 23 шенеунігіне қарсы санкция енгізді. Оларға осы үш елдің аумағына кіруге тыйым салынды. 

Ал 4 қыркүйекте Германия үкіметі ЕО Лукашенконы санкциялық тізімге енгізу не енгізбеу жағын қарастырып жатқанын хабарлады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу