ЕО бірігіп газ сатып алу үшін алғашқы тендер жариялады

470

Еуроодақ бірігіп газ сатып алу үшін, алғашқы тендерін жариялады. 

ЕО бірігіп газ сатып алу үшін алғашқы тендер жариялады Фото: google.com

Одақ төрағасының орынбасары Марош Шефчовичтің айтуынша, оған қатысу үшін 77 еуропалық компания, 11,6 млрд текше-метр газға өтініш жіберген. 

Тендер AggregateEU  платформасында өтеді. Ол бір жағынан Ресейдің газынан бас тартып, еуропалық өнеркәсіптің дамуына жол ашса, екіншіден халықаралық тасымалдаушылар үшін жаңа клиенттік база табуға көмектеседі,- деді Шефчович. 

Жалпы Еуропаны сұйытылған табиғи газбен қамту үшін 2,8 млрд, ал құбыр арқылы жеткізу үшін 9,6 млрд текше-метр газ қажет екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу