ЕО Британияны сотқа беруі мүмкін

454

Себеп – Лондонның ішкі нарық туралы жаңа заң жобасы.  

ЕО Британияны сотқа беруі мүмкін

Брюссель Лондонға қарсы сот қуынымын жіберу жағын қарастырып отыр. Бұған себеп болған – ішкі нарыққа қатысты британиялық заң жобасы. Бұл құжат Brexit шарттары туралы екіжақты келісімге қайшы келіп отыр.

Еурокомиссияның ойынша, Британияның міндеттемелерді орындамауы оның халықаралық аренадағы беделіне зор нұқсан келтіреді. Бұрынғы британиялық премьер Джон Мэйджор да осындай пікірде.

Ал АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси: "Егер Британия халықаралық келісімді бұзып, Brexit  Белфаст келісіміне қайшы келетін болса, Конгресс АҚШ пен Британия арасындағы сауда келісімін мақұлдамайды", – деді.

Еске сала кетсек, үш жылға созылған келіссөздерден кейін, 2020 жылдың 1 ақпанында Британия ЕО құрамынан шыққан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу