ЕО цифрлық еуро жасау бастамасын қолдады

1077

Еуроодақ экономика және қаржы мәселелері бойынша стратегиялық дербестігін арттыруды көздеп отыр.

ЕО цифрлық еуро жасау бастамасын қолдады

ЕО саммиті еуроның халықаралық рөлін күшейтуді және цифрлық еуроны жасау бастамасын қолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы еуро аймағын дамыту жөніндегі ЕО саммитінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Саммит инновациялық қаржы секторын, тиімді және тұрақты төлем жүйелерін құруға және күшейтуге үндеді. Бұл тұрғыда цифрлық еуроны іске қосу мүмкіндігін зерттеу бойынша дайындық жұмыстары жалғасуы керек", – деп жазылған құжатта.

"Біз еуроның халықаралық рөлін нығайту жағын қолдаймыз. Бұл Еуроодақтың экономика және қаржы мәселелері бойынша стратегиялық дербестігін арттыруға, экономиканың ашықтығын сақтауға, әлемдік қаржылық тұрақтылыққа ықпал етуге және еуропалық бизнес пен азаматтарды қолдауға мүмкіндік береді", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Құжатта Еуроодақ өзінің қаржылық тұрақтылығын арттыра отырып, еурода деноминацияланған қаржы нарығын дамыту және нығайтуға ниетті екенін көрсетілген. 

Табиғат Нұрболат

Фото: oxygen.ie

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу