ЕО-да пандемия басталғалы 6 миллион адам жұмыссыз қалды

928

Оның тең жартысы – жастар.

ЕО-да пандемия басталғалы 6 миллион адам жұмыссыз қалды

Еуропалық Одақ елдерінде пандемия басталғалы 6 миллионға жуық адам жұмысынан айрылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Еуропаның жұмыспен қамту және әлеуметтік құқық жөніндегі комиссары Николас Шмиттің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әсіресе жастар нәпақасыз қалған. 

"ЕО-дағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың қаңтарында 7,3%-ға жетті. Өткен жылы 6,6% болған еді.Дағдарыстан әсіресе жастар қатты зардап шекті. Қазіргі уақытта ЕО-да 3 миллионға жуық жас маман жұмыс істемейді. Біздің парызымыз – бұл мәселені ушықтырмау", – деді ол.

Осы орайда Еурокомиссия "жастарды жұмыспен қамту" деп аталатын бағдарламаны іске қосты. Енді жұмыссыз қалған немесе оқу орнын бітірген 30-ға толмаған жастарға жұмысқа орналастыру немесе тағылымдамадан өткізу туралы ұсыныс жасалады.

2020 жылдың көктемінде одақ экономикасы жойқын дағдарысқа ұшырады, өйткені қатаң әлеуметтік-экономикалық шектеулер енгізілген болатын. Күзде індеттің екінші толқыны басталады деген ақпарат тарағаннан кейін, бірқатар ел карантин талаптарын күшейтіп тастады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу