ЕО-да ең көп жел мен күн энергиясын Германия өндірді
Ember талдау орталығының мәлімдемесіне сәйкес, 2022 жылы Еуропалық одақ алғаш рет газды жағудан гөрі жаңартылатын көздерден көбірек энергия алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Талдауға сәйкес, өткен жылы ЕО-да жалпы алынған электр қуатының 22%-ы күн мен жел энергиясы тиесілі - былтырғы көрсеткіштен анағұрлым көп. Ал газды жағудан өндірілген қуат көлемі 20%-ды құрады - алдыңғы жылғы көрсеткіштен пайыздық бір тармаққа төмен.
Еуропалық Одақ елдері 2022 жылы 203 тераватт-сағат (ТВтс) күн энергиясын өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 ТВтс-қа артық немесе 24%-ға өсті. Газ сатып алуда шамамен 10 миллиард еуро үнемделді. Жел энергетикасы ЕО-ға 420 ТВтс қуат берді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33 ТВтс-ға артық.
ЕО-да жаңартылатын көздерден ең көп энергияны 2022 жылы Германия алды - жел есебінен 126 ТВтс пен күн есебінен 59 ТВтс. Алайда, Еуроодақтың кейбір елдерінде жалпы энергия теңгеріміндегі "жасыл " энергияның үлесі көбірек. Атап айтқанда, күн энергиясы Нидерландыда электр энергиясының жалпы өндірісінің 14 пайызын, ал Греция мен Венгрияда 13 пайызын қамтамасыз етеді. Германияда бұл көрсеткіш шамамен 10 пайызды құрайды.
Жел энергетикасына келетін болсақ, ол жалпы өндірілетін энергияның Данияда 50 пайыздан астамын, Литвада 40 пайызы мен Ирландияда 35 пайызын құрайды. Германияда жел энергиясының үлесі шамамен 20 пайызды құрайды.
Сонымен бірге, ГФР 2022 жылы Испания мен Польшамен бірге күн энергетикасын дамытуда және жел энергетикасында - Сол Польша мен Швециямен бірге ең үлкен прогреске қол жеткізді, деп хабарлайды Ember.