Еуроодақтағы ең бақытсыз ел – Болгария

385

2022 жылы жарияланған Дүниежүзілік бақыт баяндамасында Финляндия бесінші жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел ретінде танылған болатын.   

Еуроодақтағы ең бақытсыз ел – Болгария Фото: euronews.com

Болгария Еуропалық одақтағы ең бақытсыз ел ретінде танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еуростат дерегіне сілтеме жасап. Өмір сүру деңгейінің рейтингін жасау үшін он балдық шкала қолданылды.

2022 жылы Австрия ЕО-ның ең бақытты елі деп танылған болатын. Австриялықтардың қанағаттану деңгейі 8 балға бағаланды. Румыния, Польша және Финляндия 7,7 балды иеленіп, екінші орынға жайғасқан еді.

Жалпы, ЕО тұрғындары өз өмірлерін орташа есеппен 7,1-ге бағалайды. Мысалы, Италия, Испания және Франция сияқты ЕО-ның ірі экономикаларының орташа көрсеткіші 7,1 балды құрайды.

2022 жылы жарияланған Дүниежүзілік бақыт баяндамасында Финляндия бесінші жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел ретінде танылған болатын. Былтыр бестікке Дания, Исландия, Швейцария және Нидерланды енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу