ЕО-дағы заңсыз босқындар саны азайды

694

Биыл аймаққа 107 546 адам қоныс аударған. 

ЕО-дағы заңсыз босқындар саны азайды

Еуроодаққа ағылған босқындар мен заңсыз мигранттардың легі қысқарып жатыр. Бұл туралы Euronews басылымы хабарлады. Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның дерегіне сүйенсек, 2019 жылы Жерорта теңізі арқылы келген келімсектердің саны 5%-ға азайып, 107 546 адам болды. 

Италия мен Испанияға қоныс аударған босқындар саны 2018 жылмен салыстырғанда екі есе аз. Ал Грекия болса, керісінше, былтырғыдан екі есе көп африкалық мигранттарды қабылдаған. Кипр еліне 7 мың адам көшіп келген. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 7 есе артық. 

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, биыл Жерорта теңізі арқылы өз елдерінен Еуропаға бас сауғалап қашпақшы болғандардың өлімі қысқарған. 2018 жылы 2200 адам теңізде ажал құшса, 2019 жылы 1246 кісінің қаза тапқаны тіркелді. Жалпы, 2014 жылдан бері Жерорта теңізінде 34 мыңнан астам босқын батып кеткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу