ЕО елдері мемлекеттік қызметшілерге діни киімдерді киюге тыйым салу құқығын алды

489

Мұндай шешімді бір күн бұрын Еуроодақ соты шығарған болатын. 

ЕО елдері мемлекеттік қызметшілерге діни киімдерді киюге тыйым салу құқығын алды Фото: pixabay.com

ЕО үкіметтерінде киюге тыйым салынған заттарға паранжа мен хиджаб кіруі мүмкін. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасының жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа сот талқылауына жақында Бельгияның Анс қаласында болған оқиға түрткі болды. Онда жергілікті басқарма қызметкеріне жұмыста хиджаб киюге тыйым салынды. Әйел діни сенім бостандығы құқығы бұзылғанын айтып, сотқа дереу жүгінген. Бұған дейін, қалалық басқарма өз қызметкерлерін киім таңдауда қатаң бейтараптықты сақтауға және діни немесе идеологиялық сенімдерін ашық көрсетуден бас тартуға міндеттеп, еңбек шарттарын өзгерткен. Талапкер "кеңсе менеджері" болып жұмыс істеген, сондықтан, мекемеге келушілерді қабылдамаған.

"Еуропалық Одақ соты "бейтарап әкімшілік орта құруға" бағытталған киім киюдегі қатаң бейтараптық саясатын негізді деп санауға болатынын мәлімдеді. Бірақ, егер басқа әкімшілік өз қызметкерлеріне діни сенімдерін баса көрсететін атрибуттарды киюге рұқсат берсе, оның да бұған құқығы болар еді", - делінген сот қаулысында.

Сот Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің билігі өздерінің мемлекеттік қызметшілерінің киім үлгісіндегі "бейтараптық" параметрлерін дербес анықтауға құқылы екенін атап өтті.

"Дегенмен, бұл саясат "дәйекті және жүйелі түрде" жүргізіліп, шаралар қатаң қажетті шаралармен шектелуі керек", - деп атап өтті сот.

Айта кетсек, Еуропада дәстүрлі мұсылман киімдерінің, негізінен әйелдер көйлегінің рұқсат етілгендігі туралы даулар көп жылдар бойы жалғасып келеді. Франция 2010 жылы қоғамдық орындарда бетін толығымен жасыратын мұсылман киімін киюге тыйым салған ЕО елдерінің арасынды алғашқысы болды.

Еске сала кетейік, биыл Францияда мұсылман оқушы қыздарға да дәстүрлі халат көйлектері – абаяға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу