ЕО елдері Украинаға одақ мүшелігіне үміткер мәртебесін бермек

583

Бұл шешім 23-24 маусымда ЕО елдері көшбасшыларының саммитінде ресми түрде жарияланбақ.

ЕО елдері Украинаға одақ мүшелігіне үміткер мәртебесін бермек

Еуроодақ елдері Украинаға одақ мүшелігіне үміткер мәртебесін ресми түрде беруге дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің мәліметінше, бұл шешім 23-24 маусымда ЕО елдері көшбасшыларының саммитінде жарияланбақ. Сонымен қатар олар Молдова мен Грузияға да бұл мәртебені тағайындалмақ. 

Егер бастама мақұлданса, Украина билігі одақтың бірқатар шарттарын орындауы керек. Яғни ресми Киев Жоғарғы Сотқа судьяларды тағайындау процедурасын заңнамалық түрде бекітуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуі, қаражатты жылыстатуға және олигархияға қарсы заңдарды қабылдауы, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелділігіне жол бермеуі, сондай-ақ ұлттық азшылықтардың құқығы бойынша реформаларды жүзеге асыруы тиіс. 

Еуропалық Комиссия барлық шарттардың орындалуын мұқият қадағалап, келесі жылы осыған қатысты баяндама жасайды.

Табиғат Нұрболат

Фото: ua.depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу