2022 жылы баға 9,2%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.
Әсіресе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың шоттары қымбаттады. Олардан кейінгі өсу қарқыны бойынша көлік пен азық-түлікке жұмсалған шығындар тұр.
Ең жоғары инфляция Балтық жағалауы елдерінде байқалады. Эстонияда ол 19,4%-ға жетті. 2022 жылы ЕО-ның әрбір бес тұрғыны кедейлік қаупіне ұшырады, ал әрбір үшінші адам күтпеген жерден жіберілген шоттарды төлей алмады. ЕО соңғы онжылдықта алғаш рет сауда тапшылығына ие болды. Бұл ретте импорттық тауарлардың 20%-дан астамы Қытайдан, ал ЕО елдерінен экспорттың басым бөлігі АҚШ-қа жөнелтілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу