ЕО Facebook-тың криптовалютасына қарсы

697

Еуроодақ билігі Libra-ның аймаққа кіруін қолдамайды.

ЕО Facebook-тың криптовалютасына қарсы

ЕО-ның қаржы министрлері стейблкоин деп аталатын криптовалютаның аймақта қолданылуына рұқсат бермеді. Бұған заңнамалық нормалардың жоқ болуы мен реттеудің күрделілігі себеп. Reuters агенттігінің хабарлауынша, одақ әсіресе Libra-ға сенімсіздік танытып отыр. 

Сарапшылардың айтуынша, цифрлық активті іске қосу келесі жылға жоспарланған болатын. Бірақ саяси және экономикалық топ өкілдерінің қарсылығына байланысты ол процесс кейінге қалайын деп тұрған сыңайлы. Айта кететін жайт, қазір Libra-ның жағдайы көңіл көншітпейді. Криптовалюта күннен-күнге өз қолдаушыларынан айырылып жатыр. Жобаға қосылған 28 компанияның 7-еуі цифрлық валютамен жұмыс істеуден бас тартқан. Олардың қатарында MasterCard пен Visa бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу